Ақмола облысындағы балабақша 12,8 млн теңгеге 8 тонна банан сатып алмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы балабақша 12,8 млн теңгеге 8 тонна банан сатып алмақ болған

22.12.2023

Ақмола облысында балабақшаға 12 млн 800 мың теңгеге 8 тонна банан сатып алмақ болған. Яғни, әр келісі – 1 600 теңгеден. Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының басшысы анықтап, хабар таратқан. Онда тап сол балабақшы былтырғы жылы бананды келісін 500 теңгеден алғаны айтылады. Ал, бұл жолы мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей бір көзден осынша көлемде банан сатып алмақ болған. Бірақ, облыстық білім басқармасына хабарласқанымызда, олар бухгалтерия тарапынан қате кетіп, бір нөл цифры артық жазылғанын хатпен жазбаша түрде жауап берді.

«Бухгалтер қателігінен бұл өнімді сатып алу көлемі қате көрсетіліп, 800 (сегіз жүз) кг орнына 8000 (сегіз мың) кг көрсетілген, сондықтан бұл өнімнің жалпы сомасы асыра көрсетілген. Қазіргі уақытта келісім-шарттың күші жойылды, мемлекеттік сатып алу жоспарларына осы жемістің көлемі мен бағасын өзгертетін өзгерістер енгізіледі». 


Хабарламаларға жазылу