Нөсер жауыннан Германия астанасы су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нөсер жауыннан Германия астанасы су астында қалды

27.06.2023

Германия астанасы Берлинде төпелеп жауған жаңбырдан су тасқыны басталды. Жергілікті тұрғындар көшелерде тізеден су кешіп жүр. Жауын 30 градустық аптап ыстықтан кейін басталып, толассыз жауған.

Топан судан автокөлік қатынасы қиындады. Осыған байланысты қоғамдық көліктер уақытынан кешігіп, кейбір автобустар уақытша тоқтады. Зардап шеккен адамдар туралы әзірге мәлімет жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу