Канадада өрт ошақтарының саны 465-ке жетті. Бүгінге дейін бүкіл ел аумағында миллиондаған гектар жасыл желек күлге айналған. Ал лапылдаған жалынның түтіні қалаларға жетіп жатыр. Солардың бірі Монреаль «әлемнің ауасы ең қатты ластанған мегаполисі» атанып отыр. Және де түтіннен денсаулыққа айтарлықтай қауіп төнгендіктен, ашық аспан астында өтетін спорттық шаралар кейінге қалдырылып, бассейндер уақытша жабылды.
Арыстан Рысбек