Сарайшық қалашығында қазба жұмыстары жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарайшық қалашығында қазба жұмыстары жанданды

26.06.2023

Атырау өңірінде Қасым ханның тұсында қазақ астанасы болған Сарайшық қаласында қазба жұмыстары қайта жанданды. Топырағын түртсең, тарих болып сөйлейтін көне шаһардың орнынан бүгінде археологтар ұзындығы 40 метрден асатын үлкен ғимараттың орнын тапқан. Аршылған қабырғаның көлемі қазірдің өзінде 20 шаршы метрден асады. Негізгі екі дәліздің бойында 7-8 бөлме орналасқан. Мамандар оны мұқият зерттеуге көшкен. Әрі қаланың сақталған бөлігіне реставрация жасалып жатыр. Сонымен бірге, алдағы уақытта сары даланың төсінде ашық аспан астындағы музей мен Қасым хан ескерткіші тұрғызылады.

Әбілсейіт Мұқтар, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының басшысы:

Қасымханға арналған үлкен ескерткіш орнату мәселесі болып отыр. Сонымен бірге ол жерден біз ел билеушілерінің үлкен лайықты аллеясын ашқымыз келеді. Мұның барлығы болашақтағы жұмыстар. 


Хабарламаларға жазылу