Алматы облысында мектепті жөндеуге деп бөлінген қаржы жымқырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында мектепті жөндеуге деп бөлінген қаржы жымқырылған

23.06.2023

Мектепті жөндеуге деп бөлінген қаржыны жымқырған. Алматы облысында 57,5 млн теңгені меншіктеп алды деп айыпталған құрылыс компаниясының басшысына сот үкім кесті. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сай, 2020 жылы екі мектептің күрделі жөндеуіне 855 млн теңге бөлінген. Білім ошақтары Сарыбастау және Қарағаш ауылдарында орналасқан. Жұмыс барысында мердігер компания жұмысты толық орындамай, жалған құжат жасаған. Сот үкімімен мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.     


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу