Атырауда мектеп құрылысына бөлінген қаржы ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мектеп құрылысына бөлінген қаржы ұрланған

17.08.2020

Атырауда мектепті жөндеуге бөлінген миллиондар талан-таражға түскен. Қаладағы №5 мектеп 2017 жылы 279 миллион теңгеге бастан-аяқ жөнделген. Алайда 3 жыл өтпей жатып мектептің сыртын қаптаған материал желге шыдас бермей ұшып кеткен. Тексере келе сәулет құрылыс нормаларының сақталамағаны белгі болды. Осылайша сапаға мән бермегендер 25 млн теңге бюджет қаржысын жымқырып қалған. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу