Елде сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен көтеріледі

22.06.2023

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы энергетика вице-министрі айтты. Жандос Нұрмағанбетовтың сөзінше көгілдір отын бағасы төмен болғаннан кейін, оны тұтыну көлемі 28 пайызға өсіп кеткен. Оның үстіне газбен жүретін автокөліктер саны да жылдан жылға артып, 600 мыңға жетіп отыр. Ал өндіріс, керісінше, төмендеп бара жатыр. Өйткені көгілдір отын бағасы төмен болғандықтан оны өндіру кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып бара жатыр. Сондықтан тапшылықтың алдын алу үшін бағаны көтеруден басқа амал жоқ дейді вице-министр.

Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Біз келе жатқан тапшылықты байқап отырмыз. Ертеңгі күні газ не қымбат бағамен, не арзан бағамен болмайды деген болжам бар. Сол себепті біз газдың бағасын бірте-бірте әлеуметтік жағдайға қарай көтеруді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай ол солай.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу