Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге баспана берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге баспана берілді

21.06.2023

Ақтөбе облысының Қобда ауылында көктемгі су тасқыны кезінде баспаналары суға кеткен 30 тұрғын жаңа үйге көшті.

Бұл күнді тұрғындар 3 айға жуық күтті. Жаңа ауданға ауыз су, электр қуаты мен газ тартылды. Әрқайсысы 100 шаршы метр болатын үйлердің сапасына ерекше көңіл бөлінген. Бұл аудандағы су тасқыны кезінде 79 үй мен 22 ауланы су басқан еді. Зардап шеккендерге қолдау көрсетілді.

Асқар Нұржанов, Қобда ауылының тұрғыны:

Бұл бір ғасырда болмаған жағдай. Бірақ бәріне де шыдай білу керек. Шыдамағанда қайда барасың, ешкім істеген жоқ. Мінекей, уақытында тапсырып, құтты орынға бәрі орналасып жатыр.Бәріміз де қуаныштымыз.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу