Аргентинадағы шеру қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинадағы шеру қақтығысқа ұласты

21.06.2023

Аргентинадағы конституциялық өзгеріске қарсы шерушілердің наразылығы полициямен қақтығысқа жалғасқан. Демонстанттар тәртіп сақшыларына заттарды лақтырып, көліктерді өртеп, жергілікті заң шығару органының ғимаратына басып кірді. Ал полицейлер оларды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданған. Оқиға Сан-Сальвадор-де-Жужуй қаласында болды. Шеру провинциялық конституцияға көшелер мен жолдарды бөгеуге және мемлекеттік мекемелерді басып алуға тыйым салатын бап енгізілгеннен кейін басталған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу