Астанада IQanat республикалық олимпиадасының шешуші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада IQanat республикалық олимпиадасының шешуші кезеңі басталды

20.06.2023

IQanat республикалық олимпиадасының шешуші кезеңі басталды. Маусымның 18- і мен 22-сі аралығында өтетін жоба ауыл балаларына сапалы білім беруге бағытталған. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған сайысқа 160-тан астам елдімекеннен оқушылар қатысып жатыр. Қордың атқарушы директоры Әлия Саликованың айтуынша, финалға 800-ден астам бала қатысады. Олар логика, математика, сыни ойлау мен ағылшын тілінен тест тапсырады. Ал олимпиаданың бірінші кезеңінде 37 мыңнан астам жеткіншек бақ сынаған.

Мансұр Сүлейменов, қатысушы:

Мен жаңа тест тапсырып шықтым, өте қатты қобалжыдым. Әрине қиын сұрақтар да болды. Бірақ та менің мақсатым осы үшінші республикалық кезеңді тапсырып, Жаңа Қазақстанның іргелі азаматтарының бірі болу. Және де енді жақсы хабар келеді деген үміттемін.

Хабарламаларға жазылу