4 пайызбен автонесие беру бағдарламасы тоқтатылды. Яғни қазақстандықтар жеңілдетілген шартпен көлік ала алмайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұл мақсатқа қосымша қаражат бөлу қарастырылмағанын айтты. Ендігі жерде ақшаны халықтың 4 пайызбен көлік алуына емес, жаңа қоғамдық автобустармен қамтуға жұмсаймыз деді. Себебі дәл осы жолаушылар көліктері өте аянышты халде. Астаналық Айнұр Жұрабаева 4 пайыздық автонесиеге қол жеткізе алмай келеді. Бірінші рет тапсырыс бергенде қаржы таусылды, екіншісінде лимит бітіп қалды деген ол бағдарламаның тоқтатылатынын естіп, көлік алу жоспарының жүзеге аспайтынына қынжылады. Себебі табысым нарықтан көлік алуға жетпейді деп отыр.
Айнұр Жұрабаева, Астана қаласының тұрғыны:
Өйткені үйді несиеге аламыз. Үйдің ипотекасы бар. Бала-шаға дегендей. Ондай бағдарламалар бізге өте қажет. Қайтіп іске қосу керек деп ойлаймын.
Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары қарапайым халық үшін тиімді болған. Яғни көліктің құны 15 млн теңгеден аспауы керек,қаржыландыру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес; көліктің несиесін 7 жылға дейін төлеуге уақыт беріледі. Бастапқы жарна – 0%; ал көлік бар болғаны 4% берілген еді. Дәл осы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына үміттілердің қарасы қалың. Мәселен, биыл ақпан айында осы 4 пайызбен көлік алам деушілерден онлайн өтінім қабылданбай жатып лимит бітіп қалған болатын. Айналдырған 18 секундтың ішінде 761 адам өтініш беріп үлгерген. Ал бірінші минутта сайтқа кіргендердің саны 125 мыңнан асып кеткен. Енді бұдан былай бұл бағдараламаға қаражат бөлінбейді.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қазір қоғамдық көліктің тозғанына байланысты қаржыны соған қайта бағыттау қарастырылып отыр. Біздің мақсат, қолдағы бар ақшаны тиімді пайдалану. Тиімді пайдаланудың бір жол күнде 9 млн 300 мың халықтың қолданып жатқан көліктерін жаңғырту.
Самал Қабышева, тілші:
Жаппы жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлініпті. Министрдің сөзінше, ол қаражат толықтай игерілген. Нәтижесінде 13 мыңнан аса қазақстандық 4 пайызбен көлік алған.
Самал Қабышева