Каспий банкке шабуыл жасаған азамат екі айға қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий банкке шабуыл жасаған азамат екі айға қамалды

20.06.2023

Каспий банк қызметкерлерін кепілдікке алған Алихан Мурадов 2 айға қамалды. Шешімді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдаған. Бұл туралы қалалық соттың ресми сайтына хабарланды.

Айта кетейік, 18 маусым күні Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген азамат тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізгеннен кейін арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасап, 30 жастағы ер адамды ұстады. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің «Адамды кепілге алу» бабы бойынша тіркелді.


Серік

Хабарламаларға жазылу