Ұрланған көлікпен кісі қаққан жүргізуші бұған дейін де істі болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұрланған көлікпен кісі қаққан жүргізуші бұған дейін де істі болған

03.12.2019

Нұр-Сұлтанда таксистің көлігін тартып алып, артынша екі адамды соғып кеткен мас жігіт осыған дейін де бірнеше мәрте қылмыс жасаған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы айтты.

Бүгін таңертең сағат 6:58-де Тәуелсіздік көшесінің бойында болған апат бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға салдарынан 48 жастағы әйел көз жұмды. 2005 жылғы жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы ауыр, әлі жансақтау бөлімінде жатыр,-дейді дәрігерлер. Ал, таксистің көлігін тартып алып, адам қаққан 23 жастағы күдіктінің жүргізуші куәлігі де болмаған. Осыған дейін екі рет сотталып, екі жылға бас бостандығынан айырылған. Ішімдікке сылқия тойып алып, қылмысқа барған азамат дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Полицияның айтуынша, ол азамат ауыр жазаға тартылуы мүмкін.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу