Петропавлда жыл он екі ай жұмыс істейтін жылыжай салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жыл он екі ай жұмыс істейтін жылыжай салынып жатыр

20.06.2023

Петропавлда қысы-жазы жұмыс істейтін жылыжай салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. 4 гектардай аумақта жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ пен қияр өндіріледі. Жоба құны – 7,2 млрд теңге. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік кәсіпкерлік палатасы арқылы бөлінді. Заманауи жылыжай тамшылатып суару, қосымша жарықтандыру және көп тізбекті жылыту жүйесімен жабдықталады. Климатты басқаруға да болады. Голландиялық гидропоникалық әдіс сапалы өнім алуға мүмкіндік бермек. Өндіріс ошағында 65 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Нысан шілде айында іске қосылады.

Евгений Катаев, жылыжай қызметкері:

Қазір комуникациялық желілер тартылып жатыр. Жылыжайға 60 мың текше метр топырақ әкеліп төктік. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Күзде өзіміз өсірген көкөністің дәмін татуға үміттіміз. 


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу