Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландиямен кездеседі

19.06.2023

Бүгін түнде Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландиямен кездеседі. Бұл қазақстандықтардың Еуропадағы 42-ші қарсыласы. Матч Астана уақытымен түнгі сағат 00:35-те басталады. «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Осыдан үш күн бұрын сырт алаңда болған кездесуде Қазақстан Сан-Мариноны 3:0 есебімен жеңді. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу