]
Елордада қазақтың Ұлы күйшілердің бірі Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 200 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті. Концертті Мәдениет және спорт мингистрлігі ұйымдастырып отыр. Шығармашылық кешке Секен Тұрысбек, Мұхамеджан Тілеуханов, Рымхан Әбілханұлы, Жанғали Жүзбай сынды күй өнерлерінің хас шеберлері қатысты.
Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шыншыл шешен, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитордың бізге белгілі 40-тан астам күйлері бар. Соның ішінде шоқтығы биік туындыларының бірі- «Бес төре» күйі. Бұл әзілге толы туындыны күйші халықты жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Сонымен қатар, «Көкейкесті». «Сары жайлау» сынды танымал күйлері де бар.
Әдетте, Тәттімбетті шертпе күйдің атасы санайды. Күйші Жанғали Жүзбайдың айтуынша Тәттімбет туралы деректерді қағазға түсірген адам А.Затаевич екен. «Тәттімбеттің заманы оңай болған жоқ. ХІХ ғасыр қазақ даласындағы хандық жүйенің кетіп, аға сұлтандық, би-болыстық биліктің орнаған тұсында өмір сүрді. Арқа төсінде патша жарлығымен кеніштер ашылып жатқанын көрді. Оның үстіне Кенесары ханның көтерілісі Тәттімбеттің заманына сәйкес келді. Мұның бәрі Тәттімбеттің жүрегіне салмақ салғаны сөзсіз. Күйшінің «Қосбасар» деп аталатын күйлерінің бәрі сол кезеңдегі трагедияны, алағай-бұлағай заманды суреттейді»-дейді Жанғали Жүзбай.
Салтанатты кеш барысында дәулескер Тәттімбеттің бұрын соңды жарияланбаған күйлері енген CD-диск пен оның мұрасын зерттеушілер ұсынған мәліметтерден басылған фотоальбомның тұсауы кесілді. Сонымен қатар, Тәттімбет туралы деректі фильм көрсетілді.
Kaznews.kaztrk.kz