Астанада дәрігерлер көшеге шықпауға кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дәрігерлер көшеге шықпауға кеңес берді

19.06.2023

Астана маңындағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға шақырды. Ескерту, әсіресе, тыныс жолдарының созылмалы аурулары бар азаматтарға қатысты. Себебі ащы түтін аллергия туғызып, тіпті дертін асқындырып жіберуі мүмкін дейді мамандар.

Гауһар Құдайбергенова, дәрігер пульмонолог:

Сыртқа шыққан жағдайда бетперде, респираторларды немесе дәке орап, тіпті ештеңе болмаған жағдайда киімдерді ауыз-мұрын қуыстарын жабу арқылы солай шықсаңғыздар деп өтінеміз. Және жаңағыдай атап өткендегідей, жоғары тыныс жолдары және төменгі тыныс жолдарында ауруы бар пациенттердің өздері осы орайда сақтық шараларын қатаң түрдле сақтауы керек.

Казгидрометтің хабарлауынша, қаланың бірнеше жерінде улы зат мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткен. Ал кешке жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Сонымен қатар алдағы үш күнде циклон жүріп, елдің басым бөлігінде күн райы бұзылады дейді мамандар.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу