1 шілдеде шетелдік көліктерді тіркеу аяқталады. Өтіп үлгермегендер түннен бері кезекке тұрып, әлек болып жатыр. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер күрт өскен.
Оралда ұзын-сонар кезек бірнеше шақырымға созылған. Күннің ыстығында таңғы 7-ден бері осында жүргендердің бірі Серік Ақтаев бұған дейін орталыққа екі рет келген. Бірақ, көлігін заңдастыра алмаған. Ал Ішкі істер министрлігі шет елден келген көлікті тіркеуге қою үшін онлайн тапсырысты қазірден берсе, 1 шілдеден кейін де заңдастыруға болатынын жеткізді.
Серік Ақтаев, Орал қаласының тұрғыны:
Кешігіп қаламыз ба деп келіп тұрмыз. Таңертең ерте тұрып келдік. Бұрын автоцонға екі рет бардық. Екі ретте де «Ресейден шығарып алып кел» деді. Оған біздің жағдайымыз жоқ, 70 жастамын. Біз осы елдегі адамнан сатып алдық. 17 мың рубль, бізше 990 мың теңге бережағы бар. Содан сатылмай тұр. Оны мен қалай төлеймін?
Самал Қабышева