Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымнан басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымнан басталады

12.06.2020

Сайлау күні белгіленді. Демек ережеге сәйкес, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну ертең яғни, 13 маусымнан басталады. Ол 30 күнге созылып, 12-шілдеде аяқталады. Бүгін сайлауға дайындық және оны өткізудің жоспарын бекіткен Орталық Сайлау Комиссиясының өкілдері, осылай деді. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 20 күн бұрын яғни, 23 шілдеде аяқталады. Дәл осы күні сайлау алдындағы үгіт басталады. Оған 18 күн берілмек. Тамыздың 11 - тыныштық күні, ал 12-сі дауыс беру күні. Айта өтейік, Сенат депутаттарының кезекті сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен 254,7 млн теңге қарастырылған.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу