Үлкен Алматы айналма тас жолы қолданысқа берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен Алматы айналма тас жолы қолданысқа берілді

16.06.2023

Орталық Азиядағы ең ірі жол-көлік инфрақұрылымдық жоба Үлкен Алматы айналма автожолы қолданысқа берілді. Түрік-кореялық консорциумы негізінде қолға алынған жобаның құрылысы мерзімінен ерте аяқталды. Жоспар бойынша ол 2024 жылы халық игілігіне берілуі керек болған. Мамандардың айтуынша, айналма тасжол мегаполис көшелеріндегі кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді. Айта кету керек, 66 шақырымға созылып жатқан 6 жолақты тасжол Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы 14 елдімекен арқылы өтеді. Аталған ауыл тұрғындары айналма жолға белгіленген 7 нүкте арқылы шыға алады. Сондай-ақ айналма жол Қазақстан мен Еуразия аймағында көлік маршрутын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Бұндай жобалар өзге мемлекеттердің Қазақстанға деген сенімін білдіреді. Өйткені бұл шаруға шетелдік ірі инвесторлар ат салысты. Айналма тас жол «Шығыс-Батыс» бағытындағы халықаралық автокөлік маршруттарын байланыстырып, көлік қатынасын жақсартуға, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу