Ақтөбедегі су айдындары мен ондағы балық қоры зерттеліп жатыр. Ол үшін өңірге арнайы ғылыми экспедиция келді.
Мамандар Темір, Ойыл, Хромтау аудандарында болды. Сондай-ақ, Ақтөбе суқоймасына зерттеу жүргізді. Судан сынама алынып, ол Орал қаласындағы орталыққа жебіріледі. Экспедиция мүшелерінің айтуынша, өңірде соңғы екі-үш жылда су көп жиналды. Бұл балықтың көбеюіне оң әсер еткен. Тек Ырғыз-Торғай өзен-көлдері жүйесінде ғана су тапшылығы байқалады. Сондай-ақ, балық шабағын жіберумен айналысатын орталықтар да аздық етіп отыр.
Жақсыбек Кемал