Англияда үшінші күн қатарынан кіші санаттағы дәрігерлер ереуілдетіп жатыр. Ереуілге шыққан дәрігерлердің айтуынша, үкімет жалақыларын көтермесе, жаз бойы жұмысқа шықпайды.
Бұған дейін болған наразылықтар кезінде 200 мыңға жуық науқас ем-домсыз қалғаны белгілі. Кәсіподақ ұйымының мүшелері үкіметтің ұсынған 5 пайыздық үстемақысы мардымсыз деп мәлімдеді. Ұлыбританияда «кіші санаттағы дәрігер» деп медициналық оқу орнын бітірген және 5 жылдан кейін дәрігер болуға талаптанып жүрген мамандарды айтады. Олар ұлттық денсаулық сақтау қызметінің шамамен 45 пайызын құрайды.
Суми Маниржан, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Жалақымызды 35 пайызға көтеруді талап етеміз. Бір мезетте емес, кезең-кезеңімен өсірсін. Өйткені соңғы 15 жыл көлемінде табысымыз инфляцияға ілесе алмай келеді.
Марина Бекенова