Ақмоладан Абай облысындағы алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға 20 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Дені — күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік тауарлары. Сауапты іске мемлекеттік органдар мен партия ұйымдарынан бөлек, қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлер де атсалысты.
Ермек Нұғыманов, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы:
Бұл – елдің көмегі. Қазақ ешқашан бауырын жауға тастамаған. Өрт деген тілсіз жау ғой. Сондықтан ел болып, қайырымдылық, көмек жасап жатырмыз.