Биылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық деңгейге жетті

14.06.2023

Британдық лаун-теннис және крокет клубы биылғы Уимблдон турнирінің жүлде қорын жариялады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 11,2 және 2019 жылғы пандемияға дейінгі жарыстармен салыстырғанда 17,1 пайызға көп. Нақтырақ айтқанда 44,7 миллион фунт. Жеңімпаздарға 2,35 миллион фунттан бұйырады. Ал екінші орын алғандарға 1,175 миллион фунт беріледі. Үлкен дулыға турниріндегі іріктеу жарыстарының жүлде қоры - 55 мың фунт. Жарыс 3-16 шілде аралығында Ұлыбританияда өтеді. Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина былтырғы «Уимблдонның» әйелдер арасындағы жеңімпазы. Спортшы биыл чемпиондық атақты қорғайды.

Данияр Асылбек

Хабарламаларға жазылу