Қонаев қаласындағы казинолардан елге жыл сайын 90 млрд теңгеге жуық салып түсіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев қаласындағы казинолардан елге жыл сайын 90 млрд теңгеге жуық салып түсіп тұр

14.06.2023

Қонаев қаласындағы казинолардан елге жыл сайын 90 млрд теңгеге жуық салып түсіп тұр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаладағы құмар ойын бизнесі тоқтамайды. Казиноларды көшіру жоспарда жоқ. Себебі, осы салада істейтін 7 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал 61 мың облыс тұрғынының оннан бірі осында еңбек етеді екен. Жергілікті әкімдік қазір казиноларды ойын-сауық орталығы ретінде қайта құруды көздеп отыр. Яғни, құмар ойыны бизнесі өз алдына, оның жанына кинотеатр, аквапарк, сауда орталығын салмақ. Өңір басшысы бұл шетелде бар тәжірибе деді. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу