Кенияда сектаға сенген 300 адам аштан өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда сектаға сенген 300 адам аштан өлген

14.06.2023

Кенияда «жұмаққа барамын» деп әдейі аштан өлген адамдар 300-ге жетті. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Бұл адамдарға Пол Маккензи есімді секта жетекшісі тамақ ішпеуді бұйырған. Ал марқұмдар сол бұйрықты орындаса, ақыр заман басталғанша жұмаққа түсетініне сенген.

Қазір Маккензи тергеліп жатыр. Алайда оның әрекетінен қаншама адам қайтыс болса да, cектадан құтқарылған кейбір кениялықтар аштықты әрі қарай жалғастырып отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу