Алматының жолаушылар автобусы шатқалға құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының жолаушылар автобусы шатқалға құлады

01.06.2017

Алматының «Медеу» мұз айдынына барар жолда жолаушылар автобусы шатқалға құлады. «ПАЗ» маркалы автобус «Просвещенец» ауданында бұрылған кезде жолдың шетіне шығып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, қара түсті «Mercedes» оның жолын бөгеген. Көлік апатын болдырмау үшін ол автобустың рөлін дереу оңға бұрып, жолдың жиегіндегі көмкермеге соққан. Сөйтіп, көлік төменге құлдилаған. Автобуста жалғыз болған жүргізуші жеңіл жарақат алып, аман қалды. Ал, осы жол-көлік оқиғасы салдарынан көпір, екі газ құбыры бүлінді.

 

Амангелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу