Балқаш көліне баратын жолдың 70 пайызы ғана жөнделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көліне баратын жолдың 70 пайызы ғана жөнделген

13.06.2023

Жетісу облысы өткен жылдың қортындысымен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен республика бойынша алдыңғы бестікке енді. Бірақ әлі де атқарылар жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жолдардың құрылысын аяқтау, елді-мекендерді көгілдір отынмен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті тұр.

Жаңадан құрылған Жетісу облысының бір жылда атқарылған жұмыстары мен жоспарларын өңір басшысы Бейбіт Исабаев баспасөз мәслихатында баяндады. Тұмса табиғаты, өзен-көлдерге бай өңірдің туристік әлеуеті де зор. Алайда Алакөл жағалауында жағаны бекіту жұмыстары тоқтап тұр. Ал Балқаш көліне барар жолдың небәрі 70 пайызы ғана жөнделген. Мұнан бөлек, Орта Азиядағы ең биік сарқырама – Бұрханбұлаққа барар жолды жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

Келесі жылдың күзіне дейін Лепсіден Балқашқа дейінгі жол түгел бітеді. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік экспертизасы алынған. Соның инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізу үшін ақша бөлінді. 


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу