Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

13.06.2023

Абай облысында кешелі бері іздестіріліп жатқан тракторшының мәйіті табылды.

Сергей Архипов 10 маусымда тракторымен өрт сөндіруге көмекке кетіп, артынша іс-түссіз кеткен. Марқұмның денесі өрт ошағынан 50 шақырым жерден қызметтік иттің көмегімен анықталды. Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, мәйітте ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Данияр Зейнолла

Хабарламаларға жазылу