«Алтын Орда» базарында көкөністерін саудалайтын шаруалардың жүк көліктері үшін тегін 100 орын белгіленді. Сауда нүктелері жабдықталып, бейнекамералар орнатылған. Осының арқасында шаруалар өнімдерін делдалсыз сата алады. Таяуда ғана Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға арналған апталық кеңесте елдегі және «Алтын Орда» базарындағы баға ахуалы қаралған еді. Қазір онда тәулік бойы кезекшілік ететін мобильді топ та құрылған.
Данияр Зейнелов