Талдықорған қаласы көк түтіннің астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласы көк түтіннің астында қалды

12.06.2023

Абай облысындағы алапат өрттің түтіні Жетісу облысының аумағына жетті. Дәл қазір Талдықорған қаласы көк түтінге оранып тұр. Сондай-ақ Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының елдімекендері де қою түтін астында. Мамандар тұрғындарды сабырлық сақтауға және бетперде тағуға шақыруда. Дәрігерлер тыныс алу жолдары ауыратын науқастар мен қарт адамдарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береді. Қазір бұл өңірде жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғып тұр. Сондай-ақ Жетісу облысының таулы аймақтарында өрт қаупі сақталуда.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу