Қазгидромет: Абай облысында жел күшеюі ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Абай облысында жел күшеюі ықтимал

10.06.2023

Өрт болған аумақтарда алдағы күндері қандай ауа райы болатынын Қазгидрометтің мамандары бөлісті. Абай облысында күн бұлттанады, шығыс бөлігінде ауа температурасы +20 градус, желдің екпіні сағатына 15-20 метр. Оңтүстігінде 35 градус ыстық. Синоптиктер алдағы тәуліктерде кей аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр. Ертең-бүрсігүні жел күшейуі ықтимал.

Алтынзер Есбосынова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

11-12 маусымда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында желдің күшейуі 15-20 м/с-на дейін күтіледі. Алдағы тәуліктерде өрт байқалған облыстың солтүстік аудандарында жаңбыр жауу мүмкіндігі аз болып келеді.


Хабарламаларға жазылу