18 қыркүйекте жауын-шашынды құбылмалы ауа райы күтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қыркүйекте жауын-шашынды құбылмалы ауа райы күтілуде

18.09.2016
18 қыркүйекте жауын-шашынды құбылмалы ауа райы күтілуде

18 қыркүйекте Солтүстік Сібірдегі циклон еліміздің ауа райына ықпал етеді. Демалыс күндері және дүйсенбі көптеген облыстарда құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерде найзағайлы жауын жауып, екпінді жел соқса да, аздаған жылы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Таңға жақын солтүстік облыстарда тұман күтіледі, Оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз жылы болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар, күнді Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, Жамбыл, түнде Алматы, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумағында  желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау облысында  найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ге күшеюі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу