Семейдегі өртті сөндіруге әскерилер жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі өртті сөндіруге әскерилер жұмылдырылды

10.06.2023

Жалынды ауыздықтауға төтенше жағдай мамандары мен қоса Қорғаныс министрлігінің әскерилері де тартылды. Қазір бізбен Абай облысынан тілшіміз Талшын Шәкіртхан телефон арқылы қосылды. Талшын, оқиға орнына қай өңірден әскерилер келіп жатыр?

Талшын Шәкіртхан, тілші:

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге әскерилер де жұмылдырылды. Қарағанды және Алматы облыстарындағы 52-де 859, 28-де 237 әскери бөлімінің қызметкерлері өрт ошағы болған жерге келе жатыр. Олар Астанадан таңғы сағат 4-те жолға шыққан. Өрт сөндірушілерге көмекке байланыс құралдарымен жабдықталған жылжымалы басқару пункті де жіберілді. Қазіргі кезде Семей орманындағы өртпен күрес үш нүктеде жүріп жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет жалпы көлемі 275 мың тоннадан артық су төгілді. Негізгі штаб қаладан 60-70 шақырым жерде орналасқан. Қызыл жалынмен арпалысып жатқан әскерилер мен орманшыларға қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану ескертілген.

Талшын Шәкіртхан


Хабарламаларға жазылу