Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар үшінші алтын медальдін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар үшінші алтын медальдін жеңіп алды

09.06.2023

Таиландта өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үшінші алтын медальдін жеңіп алды. 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында Андрей Ремхе чемпион атанды. Ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11 секундта бағындырған. Мәре сызығын екінші болып кескен қытайлық Жу Цзиньян күміс, индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан қола жүлдені қанағат етті. Додада сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Чемпионат 13 маусымда аяқталады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу