ҰҒА президенті Күнсұлу Закарья Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҒА президенті Күнсұлу Закарья Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті

09.06.2023

«Отандық ғылым экономикаға пайдалы болу үшін озық елдермен тәжірибе алмасып, өз кадрларымызды дайындау маңызды». Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закарья Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесуінде осылай деді. Тараптар ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты арттыру жөнінде пікір алмасты. Чжан Мин ғылыми зертханалар жұмысымен танысты. «Әлем түрлі сын-қатерлердің алдында тұр. Ауыл шаруашылығы мен жасыл экономикада жаңа технологияларды пайдалану үшін білім мен күш-жігерді біріктіру маңызды», - дейді ол.  

Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

Қазақстан Президенті ғылым мен технологияны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бұл өте қуантарлық жағдай. Қазір сын-қатерлер көп. Климаттың өзгеруі – өте күрделі мәселе. Жасанды интеллекті қолдану аясын да кеңейту қажет. Бұл ретте ШЫҰ аясында байланысты нығайтып, бірлесе жұмыс істеу маңызды.

Қытай - ғылымның әлеуеті жағынан озық елдердің бірі. Қазақстандық ғалымдар ондағы әріптестерімен ынтымақтастықты арттыруды көздейді. Биотехнология, геномдық редакция, био қауіпсіздік бойынша байланыс бар. Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша технологияларды игеруге басымдық берілмек.

Күнсұлу Закарья, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті:

Меморандумдар конференция, әртүрлі дөңгелек үстел емес, нақты лабораторияның ішіндегі жұмыстармен айналысу. Ол – кадрлерді дайындау, жаңа технологиялырды Қазақстанға тартып, осы жерде меңгеру. Осы жұмысты біз тамыз айынан бастап кетеміз.


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу