Сайлауға жастар белсенді қатысты - байқаушылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауға жастар белсенді қатысты - байқаушылар

21.11.2022

Шет елден келген халықаралық байқаушылар кешегі өткен сайлауда жастардың белсенді қатысқанын ерекше атады. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин, дауыс беру кезінде бүкіл жағдай жасалды деді.

Дэниел Витт, халықаралық байқаушы:

Біз 50-ге жуық сайлау учаскесін араладық. Барлығында сайлау процесі еркін әрі әділ өтті. 2019 жылғы сайлауға қарағанда, биыл жастардың белсенділігі ерекше байқалды.

Чжан Мин, ШЫҰ бас хатшысы:

Сайлауға дайындық жақсы ұйымдастырылған. Егде жастағы азаматтар мен мүгедекттерге жағдай жасалған. Оны біз бақылау барысында байқадық. Бәрі қалыпты жағдайда, тәртіпке сай өтті. Сондай-ақ бүкіл сайлаушылар үлкен белсенділік танытты.


Хабарламаларға жазылу