Алматы прокуратурасы мемлекетке 8 млрд теңгенің салығын қайтарды. Құзырлы орган жүргізген тексеру барысында «KAZ Minerals Aktogay» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салық мөлшерін азайтып көрсеткені анықталған. Сондай-ақ жыл сайын «Файненс Лимитід» холдинг компаниясына дивиденд төлеп келгені белгілі болды. Салық заңнамасына сәйкес, құн өсімінен түскен табыстан, дивиденд және сыйақылардан 15% көлемінде салық төленуі тиіс. Алайда, тексеру кезінде компания 2018-2022 жылдар аралығында 10% салық ұстап, резидент емес ретінде сыйақы төлегенін көрсеткен.
Нұрсұлтан Жиделбай, қалалық прокуратураның ресми өкілі:
Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығына тексеру жүргізді. Аталған фактілер расталды. Нәтижесінде 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді. Салық төлеуші өз кезегінде көрсетілген соманы мемлекет кірісне толық көлемде төледі.
Қуан Нұрақын