Украинаның оңтүстігіндегі Жаңа Каховка дамбасы мен су электр стансасы жарылды. Алапат тасқыннан Херсон облысындағы 80 елді мекенге қауіп төніп тұр. Жүздеген мың тұрғын эвакуацияланып жатыр. Топан су Херсон қаласына да жетті деген мәлімет бар.
Украина мен Ресей бұл жарылыс үшін бір-бірін айыптап отыр. 1956 жылы Днепр өзенінде бой көтерген Жаңа Каховка резервуарының биіктігі 30 метр, ал ұзындығы 3,2 шақырым. Ол Қырым түбегі мен Запорожье атом электр станциясын сумен қамтамасыз етуге арналған.
Арыстан Рысбек