Елордада жер асты көлік тұрағы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жер асты көлік тұрағы өртенді

06.06.2023

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жер асты көлік тұрағы өртенді. Алдын ала болжам бойынша, сұйытылған газбен жүретін көліктен өрт шыққан болуы мүмкін. Үш бірдей қойма мен 6 жеңіл көлік жанып кеткен. Оларға жақын тұрған тағы 4 машинаны жалын шарпып, зақымданған. Жоғарғы қабаттарда тұратын 20-ға тарта адам эвакуацияланды. Оның алтауы бала. Алдын ала болжам бойынша, «газдан улану» диагнозымен 3 адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, тілсіз жау сөндірілді. Қызыл жалынмен күреске 70 қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған.


Хабарламаларға жазылу