Семейде ақын, филология ғылымдарының докторы -Бауыржан Жақыптың «Жүректен қозғайын» атты шығармашылық кеші өтті. Бауыржан Жақып- бірнеше буын журналистерді тәрбиелеп, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқан ұстаз. «Дидар» әдеби теле-альманахын, «Халық қазынасы», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Сұхбат» хабарларын әзірлеп, «Айтыс», «Өлең – сөздің патшасы» сынды жобаларды жарыққа шығарған. Республикалық газет- журналдарда еңбек еткен. 200-ден астам ғылыми еңбектері, 20-дан астам поэзиялық кітаптың авторы. 60 жасқа толуына орай, туған жерінде өткен жыр кешінде, ақынның сөзіне жазылған әндер тыңдарманның назарына ұсынылып, балаларға арналған жаңа жинағы таныстырылды. Мәдени шараға еліміздің әр түкпірінен келген ақындар, жырдан шашу шашты.
Бауыржан Жақып, ақын, филолгия ғылымдарының докторы:
Абай облысының құрылғанынан бір жыл толып жатыр екен. Тура сол күнмен тұспа-тұс келіп, бүгін шығармашылық кешім өтті. Абай облысы тек экономикалық жағыннан емес, мәдени-рухани жағынан да үлкен жетістіктерге жетіп жатыр деген сөз. Ең басты байлығымыз-біздің рухани байлығымыз. Соны насихаттау қашанда біздің борышымыз, қалам ұстаған қауымның.
Ержан Жақып