Индонезияда дәрігерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда дәрігерлер шеруге шықты

05.06.2023

Индонезияда жүздеген дәрігер мен медбике шеруге шықты. Олар денсаулық сақтау туралы жаңа заңның қабылдануына наразы. Құжат медициналық қызметкерлердің мүддесіне қайшы деп есептейді. Бұл заң жобасын парламент ақпанда ұсынған еді. Реформаға сай медициналық қызметкерлерге қарсы қылмыстық іс қозғауды жеңілдету, шетелдік мамандарды тарту көзделген. Үкіметтің мәлімдеуінше, айтылған өзгерістер қолданыстағы заңдарды оңтайландыру үшін қажет. Дегенмен дау тудырған құжаттың қашан қабылданары белгісіз.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу