Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілге шықты

16.03.2023

Ұлыбританияда медицина қызметкерлері ереуілге шықты. Олардың басты талабы - жалақыны өсіру, еңбек жағдайын жақсарту. Бұл елдің Ұлттық денсаулық сақтау қызметінде 60 мыңнан астам жас маман жұмыс істейді. Яғни, дәрігерлердің тең жартысы - жастар. Сол себепті үш күнге созылатын ереуіл жағдайды қиындатайын деп тұр. Созылмалы ауруларды емдеу, қатерлі ісік операцияларын жасау кейінге қалдырылған. Кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, 2008 жылдан бері кіші медициналық қызметкердің жалақысы 26 пайызға төмендеген. Ал жұмыс көлемі артып, пациенттер саны көбейген. Ынталандырудың болмауынан дәрігерлер денсаулық сақтау саласынан кетуге мәжбүр болып отырғанын айтады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу