Елордада «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафоны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафоны өтті

05.06.2023

Кеше «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты телемарафон өтті. Жеті сағатқа созылған шараны Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырған. Телемарафонның мақсаты – Отандастарымыздың патриоттық рухын арттыру, жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялардың төңірегінде ұйыстыру. Жобада ақпараттық роликтер, мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат, патриоттық іс-шаралар қамтылды.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу