Талдықорғанда мемлекеттік рәміздерге арналған республикалық ғылыми конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мемлекеттік рәміздерге арналған республикалық ғылыми конференция өтті

27.05.2022

Талдықорғанда  «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік нышаны» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Онда елтаңба, ту және әнұранның қазақстандықтар үшін маңыздылығы талқыланды. Шараға арнайы келген елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков және бір топ ғалымдар рәміздердегі әрбір көріністің мән-мағынасына жеке-жеке тоқталып, мақсат-мүддесін түсіндірді. Әлем елдері Қазақстанды рәміздері арқылы таниды. Сондықтан отанын сүйген әрбір қазақстандықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі ерекше болуы керек, дейді конференцияға қатысушылар.

Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Қай-қайсысы болмасын, елтаңба, көк ту, әнұран ұлы даламыздың, біздің мемлекетіміздің, эпосы. Ол эпопеясы. Ол оның символы, оның философиясы.

 Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу