Мектеп оқушылары десантшылардың жаттығуына қанықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп оқушылары десантшылардың жаттығуына қанықты

02.03.2018

«Әскерилердің іс-әрекеті кинодан гөрі, өмірде әсерлірек». Астанадағы 68665 әскери бөлімшесінде болған бір топ бала осындай таңданысын жасырмады. Десанттық-шабуылдау бригадасы жеткіншектерге жауынгерлік рухты сезіндіріп, әзірліктерін көрсетті.

Қару-жарақты ұстап қарауға, бронды әскери техникаларға отыруға қарсылық жоқ. Арнайы түзету мектеп-интернаты оқушылары мен «SOS балалар ауылының» тәрбиеленушері мұндай ілтипатқа дән риза. Сосын балаларды басшылық құрам тұратын орынға жайғастырып сарбаздар сап түзеді. Дұшпанды тізе бүктіру әдістері мен жекпе-жек өнерін де көрсетті. Десантшылар шынықсаң шымыр болып, ширақ қимылдаудың маңызын кезекті кедергілерден өту кезінде ұғындырды. Осылайша, балаларды баурап алған әскерилер бір уақыт батылдыққа да баулыды.

Батырхан Мамасариев, арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы:

- Теледидардан көргеннен өмірде көрген жақсы екен. Қимылдары, төбелес, сол жағы қызық. Қаруларды қалай қолданатыны да қызықтырды.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу