«ӨзенМұнайГаз» компаниясы бас директорының орынбасары ұсталды. Бауыржан Мамбетсапаев лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Ол жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің таныстарын «Өзен Мұнай Газ» компаниясына заңсыз жұмысқа кіргізген. Бұл тұрғындардың компанияға орналасу құқығының өрескел бұзылуына әкеп соққан. Нәтижеде мемлекетке 46 млн теңгедей залал келтірілді. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалары мен мердігер мекемелердің бюджет ақшасын жымқыру фактілері тексерілуде.
Аягөз Оралбайқызы