Қарағандыда шағын жолаушылар автобусы жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда шағын жолаушылар автобусы жанып кетті

02.06.2023

Қарағандыда шағын жолаушылар автобусы жанып кетті. Абырой болғанда іште отырған жолаушылар түгел сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт салонды түгелдей шарпыған. Жалпы 15 шаршы метр аумақ жанған. Жолаушылар көлігі басқармасы берген мәлімет бойынша бұл автобус жеке фирмаға тиесілі. Қазіргі кезде тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда.

Өрттен 4 адам зардап шекті

Ал Қостанайда тоғыз қабатты тұрғын үй өртеніп, 4 адам зардап шекті. Үшеуі бала. Олар жеңіл дәрежеде түтінге уланып дәрігер көмегіне жүргінген. От 5, 6, 7 қабаттағы қоқыс құбырын шарпыды. Барлығы 12 шаршы метр жер жанған. Қою түтін тұрғындар өміріне қауіп төндіргендіктен, 21 адам өз бетінше эвакуацияланды. Ал 8 адам құтқарушылардың көмегімен сыртқа шығарылды. Олардың төртеуі бала. Өрт шамамен бір сағат ішінде толық сөндірілді. Қазір оттың неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.

Данияр Әлімкин, Облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

Құтқару капюшондарының көмегімен тұрғындарды түтінге тұншығудан сақтап, баспалдақпен төмен алып түстік. Медициналық көмекке жүгінгендердің жағдайы қалыпты. Өмірі мен денсаулықтарына ешқандай қауіп жоқ.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу