Оралда өткен форумда экологиялық мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда өткен форумда экологиялық мәселелер талқыланды

02.06.2023

Суды үнемдеп, тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқаруымыз керек. Оралда өтіп жатқан VI Uralsk Green Forum халықаралық экологиялық форумында осы тақырып кеңінен айтылды. Әрі қоршаған ортаны қорғауда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді енгізу жайы да қаузалды. Экологияны сақтауда кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін көтеру мәселесі назардан тыс қалмады. Форум пленарлық отырыстармен жалғасып, өзара әріптестік меморандумдарына қол қойылмақ.

 Айжан Ысқақова,  ҚР Парламенті Мәжілісі  қоғамдық палатасының экологиялық сарапшысы: 

Еліміз ауызсу, ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды өңдеу, биологиялық алуантүрлілікті сақтауда, өкінішке қарай, әлемде ең төменгі орындарда тұр. Бүгін осы көрсеткіштерді жоғарылату жолдары талқыланып жатыр. Кен игеруші компаниялар да улы газды шығару, ауаны ластауды төмендету заңдылықтарын қатаң сақтауы керек. Қазір мекеме-кәсіпорындарға мониторинг жасалып жатыр, жыл соңында қорытынды шығарылады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу