Биылғы оқу жылында Шымкент қаласының 600-ден астам оқушысы республикалық және халықаралық деңгейдегі білім, спорт және өнер сайыстарында топ жарды. Сондай-ақ сабағын үздік оқыған 2 мың 600 шәкірт мектепті «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» аяқтаудан үмітті.
Бұл роботтар аса күрделі функцияларды орындауымен ерекшеленеді. Оның көмегімен теңіз портында кемелерге ауыр жүктерді тиеу және контейнерлерді түсіру жұмыстары атқарылады. 9 сынып оқушыларының бұл жобасы аймақтық олимпиадада үздік деп танылды. Енді Панама елінде өткізілетін дүниежүзілік білім бәсекесіне қатысуға ниетті.
Айдос Оспан, оқушы:
Тиімді тұсы, ерекшелігі басқа роботтардан біздікі жылдам жасайды. Және қателік жібермейді. Сонан соң аз уақыттың ішінде ең көп ұпай жинайды.
Бүгінгі мерекеде білім мен ғылым сайыстарында, спорттық жарыстарда үздік деп танылған осындай оқушылар көпке үлгі болды. Оларға қала әкімі ұлы Абайдың кітабын сыйға ұсынып, демалыс лагерлеріне тегін жолдама берді. Биыл мегаполисте 210 мың оқушыны ақысыз үйірмелерге қатысатын болады. Сондай-ақ барлық мектептердің жанынан спорт алаңшалары салынбақ.
Мұрат Әйтенов, қала әкімі:
Соңғы үш жылдың өзінде 86 мектеп, 95 балабақша, 2 оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп, оның біреу биыл пайдалануға берілсе, 2 өнер мектебі, 10 орталық салынды.
Балаларға меркелік тарту ретінде бүгін мегаполистегі «Денсаулық» су спорты кешені күрделі жөндеуден соң қайта ашылды. Замануи талаптарға сай жабыдықталған орталықта суға жүзуден балалар арасында республикалық турнир басталды. Жарыста еліміздің 13 облысынан келген 400-ден астам спортшы өзара сайысып жатыр.
Ғани Қалмахан